Национальный музей Улытау » Новости » Жаяу Солтүстік Қазақстан облысына жетті

Жаяу Солтүстік Қазақстан облысына жетті

76
0
    Көкшетаудан белгіленгін маршрутын жалғастырған Қотырашов Сәрсенбай Оспанұлы жаяу  Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласына жетіп отыр. Ақсақалды қала әкімінің орынбасары А. Хабибуллин, облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы басшысының орынбасары А.Әлдеменов, туризм және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Әмірин,  рестораторлар мен қонақ үй иелері қауымдастығының басшысы С.Хамзин, республикалық және қалалық БАҚ өкілдері қарсы алды. Сәрсенбай ақсақалға қала әкімдігі мен облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы спорттық киімдерді табыстады. Бұдан соң Сәрсенбай Оспанұлы тарихи-өлкетану музейін және Абылайхан резиденциясы мұражайлар кешенін аралап, жергілікті қолөнер шеберлерімен кездесуі өтті. 
    Шара соңында ақсақалдың құрметіне ақ дастархан жайылып, дәм берілді.  
    Ендігі сапар Қостанай-Ақтөбе-Орал-Атырау-Бейнеу-Ақтау.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры