Зейнетақы қорының жүйесі түсіндірілді
Бүгін Ұлытау сапар орталығында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдері Салтанат Жағыппарова мен Ақмарал Түсіпбекованың қатысуымен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Басқосуда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бағытында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту және міндетті зейнетақы жарналарының жүйелі түрде түсуі мен көлемін ұлғайту жайы айтылды. Сондай-ақ, қолданысқа енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістерге және төлемдердің ай сайын берілу кестесіне ауысу себептері мен базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі жан-жақты талқыланды.
Айта кетейік, салымшыларға зейнетақы шоттарын ыңғайлы және заманауи тәсілдермен бақылауға мүмкіндік беретін «Электрондық қызметтер: жеңіл, жылдам және ыңғайлы» жобасы жұмыс істейді. Оның смартфонға арналған телефон қосымшасын жүктеп алуға да болады.
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)