МАХАТ САҒАНАСЫ

60
0
Ұлытау ауданы Шеңбер ауылынан солтүстік  - батысқа қарай 10 шақырым жерде Махат сағанасы бар.Бұл сəулет құрылысы 1923 жылы жергілікті бай Махат Саржанұлының тапсырысымен салынған. Кесененің сыртқы келбеті кəдімгі күмбезді мазарға ұқсағанымен , ішкі жағы өзгешелеу.Мазарда əйел мен еркекке арналған екі қабір  бар.Өзгешелігі қайтыс болған кісіні бірден қабірге жерлемеген.Əуелі жер асты камерасына қойған.Кезекті туысы қайтыс болған кезде барып, алдыңғы сүйектерді қабірге жылжытып отырған.Оның орнына  одан кейін қайтыс болған кісінің мəйіті жатқызылған. Ал, мазардың сыртқы көлемі 5,5х5,6 метр. Жалпы биіктігі 6 метрге жақындайды.Құрылысына көлденеңнен 26×12×7 см болып келетін кірпіштерді пайдаланған.Сыртқы бұрыштары мен қабырға жиектерін кірпішті жартылай доғал қалау арқылы шығыңқы бағанмен өріп шығарып отырған.Күмбез дөңгелек негіздің үстіне орнатылыпты.Ал қасбеті   пішіндес белдеумен əшекейленіп жасалған.Оның ортасында  доғалы тəріздес кіреберіс есігі бар.Дəліз арқылы сатымен бір метр тереңдікке  қабірге түсуге болады.Ол арадағы есік шымылдықпен жабылған.Мұндағы екі қабірдің өлшемі 1,5×2,2 метр. Қабірдің бұрыштарынан шаршы пішіндес саңылау қалдырылған.Бұл мазардың басқалардан  өзгешелігі осында.
Обсудить

Похожие материалы:

ДҮЗЕН КЕСЕНЕСІ
26 июль 2022, Вторник
ДҮЗЕН КЕСЕНЕСІ
«Едіге тауы»
21 январь 2021, Четверг
«Едіге тауы»
«Хан Ордасы»
21 январь 2021, Четверг
«Хан Ордасы»
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры