«Хан Ордасы»

2 228
0
   Ұлытау селосынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде теп-тегіс жазық далада үйіндісі сақталған аса маңызды ескерткіш. Қаратал өзенініңі сол жағалауынан бір км жерде. Төрт бұрышты етіп салынған құрылыстың ұзындығы 150 м, ені 90 м шамасында. Бір-бірімен жапсарластыра салынған арасынан су ағатын ор өтетін екі бөлікткн тұрады. Үйінді бұрыштарының барлығы биік, әрі енділеу. Олардың сақшы қарауылшыларға арналған мұнара екендігін байқауға болады. Қамалдың оңтүстік қапталының орта тұсында үйінді аласалау әрі енсіздеу. Соған қарап, бұл жерде ішке кіретін қақпа болғандығын көреміз. Сондай-ақ құрылыстарды бір-бірімен байланыстыратын есіктер, шығыс бағыттағы қабырғаларда да болған. Есіктерге қарама-қарсы орданы қоршаған су толған орлардың үстіне көпір-өткел салынғаны байқалады.
   Қамал қабырғасының қалыңдығы 3,5 м,биіктігі 4 м болған деп жорамалдауға болады. Су толтырылған орлардың тереңдігі 1,5 м, ені 7 м-дей болған. Қоршау ішіне басқа құрылыстар салынбаған. Хан ордасынан оңтүстік – шығысқа қарай қарай 1,5-2,0 км жерде осыған ұқсас, тек аумағы жағынан анағұрлым кіші тағы бір ежелгі ескерткіш тұр.
  Академик Ә. Марғұлан Хан ордасын ІХ-ХІІІ ғасырларда қорғаныс үшін тұрғызылған қамал-бекіністер тобына жатқызады.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры