Национальный музей Улытау » Музей » «Музей жанашыры» акциясы

«Музей жанашыры» акциясы

503
0
Сүт тартатын аппарат(сепаратор), ши - киіз үй жабдығы
    2014 жылы Музей күні мерекесі аясында қорағы жәдігерлерді толықтыру мақсатында «Жанашырлар акциясы» өткізіліп, ауыл тұрғындары құнды этнографиялық жәдігерлер тапсырған. Соның ішінде Айыртау ауылының тұрғыны Бейсенкүл Сағатқызы әжесінің ұстаған көнерген сүт тартатын аппаратын (сепаратор) музейге тарту етті. Ал, 2021 жылы ол кісі Қоғанбаева Несібелді апайдың киіз басу үшін арнайы тоқылған шиін табыстады. Ол кісіге музей қорын толықтыруға үлес қосқаны үшін алғыс хат пен сый-сыяпат табысталды. 
 
Түлкі ішік 
    2021 жылы  29 қарашада өткен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің құрылған күні мерекесіне орай, бұрынғы музей басшысы, ардагеріміз Қожахметов Бақтияр Сапарбекұлы музей қорын толықтыру мақсатында ұлттық киім - ішікті сыйға тартты.
    Ішіктің іші түлкі терісінен тігілген. Сыртқы қабаты қара түсті қыжыммен қапталып, жағасы қарақөл қой терісінен жасалған.
    Ішікті - Терісаққан тумасы, Ахметов Қален  (1888-1981) ақсақал көп жылдар Ұлытауда мектеп мұғалімі болған қызы Байболова (Ахметова) Тұрсынға арнайы 1958 жылы тіктірген екен. Ішікке пайдаланылған түлкілерді Қален ата өзінің тазыларымен ұстапты. Үш тазы иті болып, қасқырға да шығып жүріпті. Сол кезде Қален ата Сарлық ауылында тұрған екен. Сонымен, Қален атаның бәйбішесі Рабиға апа ішікті құрбыларымен бірігіп тіккен екен.
    2021 жылдың тамыз айында ішіктің иесі Тұрсын апа немере інісі  Бақтияр Сапарбекұлына табыстаған екен. Бұл құнды жәдігер енді музейдің этнографиялық экспозициялық қорында сақталады.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры