Национальный музей Улытау » Новости » Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Елордаға жетті

Ұлытаудан жаяу шыққан жиһанкез Елордаға жетті

197
0
    Ұлытаулық жиһанкез, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының еңбек ардагері Сәрсенбай Оспанұлы Қотырашов Елордаға жетті. 
    «Қазақтуризм» АҚ ұйымдастырған шарада БАҚ өкілдері, ақсақалдар, Ұлытау облыстық мәслихат депутаты, өлкетанушы, қоғам қайраткері Бақтияр Қожахметов, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев, Ұлттық музей қызметкері, әнші Серік Оспанов, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Байқоңыр Ижанов, “Қара шаңырақ” ұлттық тәрбие беру мектебінің жетекшісі, журналист Тұрар Шәкен,  найб имам Марат қажы, Сәрсенбай атаның қызы Алмагүл, жаңарқалық, жезқазғандық жерлестері, «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің ұжымы атынан журналист Зарина Әшірбек, Қазақ география қоғамының өкілдері. Сондай-ақ, бұл жүздесуге «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының бас қор сақтаушысы Баян Шайгозова арнайы барып қатысып, қолдау көрсетті. 
    Аманжол Әлтаев ақсақалдың иығына шапан жапса, ардагерлер сый-сыяпатын жасады. Сол жерде БАҚ өкілдеріне сұхбат беріліп, Сәрсенбай ақсақалдың қатысуымен Қазақконцерт залында қолөнершілердің жәрмеңкесі өтті. 
    Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласында Сәрсенбай Оспанұлының қатысуымен бірнеше  іс-шаралар мен сұхбаттар өткізілетін болады.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры