Келісті кездесу
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында көптеген мәдени іс-шаралар өткізіліп келеді. Сол іс-шаралардың бірі, 29 қараша қорық-мұражайдың құрылған күніне орай, сапар орталығында музейдің бұрынғы басшылары Өмірбаев Сейтжан Өмірбайұлы, Балкенов Кенжал Балкенұлы, Абжаппаров Талғат Мұсылманбекұлы және Қожахметов Бақтияр Сапарбекұлымен «Ұлытау деп соққан жүрегі» атты кездесу кеші болып өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қайырбек Алмаз Қайырбекұлы, Жошыхан тарихи-мәдени кешенінің басшысы Көпбаев Бақытжан Игенұлы және бұрын қызметтес болған әріптестеріміз қатысты. Аталған ісшараны алғашқы құттықтау сөзімен музей директорының міндетін атқарушы Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы ашып берді. Келесі кезекте музейдің бұрынғы басшылары сөз алып, әріптестеріне құттықтауларын жолдап, қызықты өткен оқиғаларын әңгімелеп, еске салды. Сонымен қатар, Қожахметов Бақтияр Сапарбекұлы қорық-музейдің қорына құнды жәдігер ұлттық киім түлкі ішікті сыйға тартты. Музейде көп жыл еңбек еткен әріптестеріміз Зағила Шахманқызы және Мақсат Жангелдіұлы да мерекелік құттықтаулары мен ыстық лебіздерін білдірді. Музей директор міндетін атқарушы Нұрлан Жолаушыұлы бұрынғы басшыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, иықтарына шапан жапты.
Шара соңында музей жетістіктері көрсетілген кітап көрмесіне және сапар орталығының материалдық емес мәдени мұра экспозициясы залына экскурсия жасалынып, келген қонақтарға асханада дастарқан жайылды.
Обсудить
Похожие материалы:

03 февраль 2021, Среда
«Музейде тақырыптық көрмелерді ұйымдастыру технологиялары» семинар - тренингі өткізілді.
Комментарии (0)