Телефоны для связи:
Национальный музей Улытау » Новости » Ұлытауда ұлттық табиғи парк құрылды

Ұлытауда ұлттық табиғи парк құрылды

09 декабрь 2021, Четверг
92
0
Ұлттық паркті құру тарихы сонау 1988 жылы басталған. Сол кезде «Жәдігер» атты топ құрылып, музейдің бұрынғы басшысы Бақтияр Қожахметов басқарған. Сол топта Жезқазған педагогикалық институтының мұғалімі, географ, марқұм Фарида Темереева осы ұлттық парктің негіздемесін жасаған. Сол кезде депутат болған Әлихан Байменов ағамыз арқылы облыстық атқарушы комитет мақұлдап, үкіметке жіберілген. Бірақ, өкінішке орай, үкіметте табиғи паркті басқаша атап, бағытын өзгертіп жібереді. Содан 1990 жылы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы болып шыға келеді. Бірақ, атауында табиғи сөзі болғанымен, Қазақ КСР Мәдениет министрлігіне қарайтын болғандықтан, табиғат қорғау жұмыстарына қаражат берілмейді. Сол себептен, осы уақытқа дейін Ұлытаудың тарихи ескерткіштері, тарихи ландшафтары қорғалып келсе де, табиғаты, жануары, жәндіктері, сулары, балықтары қорғалмай тұр. Орман шаруашылығы мекемесі болғанмен, олардың міндеті орманды өсіру және кесу. Ал енді ұлттық парк Ұлытаудың көнеден келе жатқан табиғатын, оның ішінде эндемик, сирек кездесетін өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар және т.б. табиғат ерекшеліктерін қорғайтын болады.
Обсудить

Похожие материалы:

Музей үздіктері марапатталды
30 ноябрь 2021, Вторник
Музей үздіктері марапатталды
Еңбегі елеулі зейнеткер
30 ноябрь 2021, Вторник
Еңбегі елеулі зейнеткер
Келісті кездесу
30 ноябрь 2021, Вторник
Келісті кездесу
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры