Президент Жолдауын қолдайды
Бүгін «Ұлытау» сапар орталығының кіші конференция залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған «АМАNАТ» партиясының бастауыш партия ұйым мүшелерімен жиын өтті.
Жиынды «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директоры Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлының төрағалығымен өтіп, Жолдауда көрініс тапқан міндеттерді орындау үшін нақты шаралардың жүзеге асатынын айтты.
- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауын тыңдадық. Жолдаудың мән-маңызы өте ерекше. Себебі, бұл жолдаудың ауқымы кең, мазмұны бөлек.
Жолдауда Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолыңдағы дамуының басты мәселелеріне, атап айтқанда: әлеуметтік, рухани, экономикалық және демографиялық ахуалдарына назар аударылды. Сондықтан да қоғамды дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер мәселесін шешуді алға қойып отыр.Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған. Президент жолдауындағы міндеттерді реттеп, мақсаттарға жету үшін бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Ұлттық, мемлекеттік құндылықтарымыз түбегейлі жаңаруы тиіс. Сондықтан баршаңызды Президент жолдауын барлығымыз қолдап, еліміздің әлеуметтік, рухани, экономикалық ахуалын жақсартуға атсалысуға шақырамын, – деді Нұрлан Жолаушыұлы.
Одан соң ұжым қызметкерлері, «АМАNАТ» партиясының бастауыш партия ұйымының мүшелері - Баян Шайгозова, Айтбала Оспанова, Сабира Нашкенова Жолдауда айтылған бағыттарға тоқталып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Жиынға қатысушылар Президент Жолдауын бірауыздан қолдап, алға қойған міндеттерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.
Талқылаңыз
Ұқсас материалдар:
Түсініктемелер (0)