Байланыс телефондары:
+7(747) 602-00-82
Ұлытау ұлттық музей-қорығы » Жаңалықтар » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ

01 сентябрь 2022, Четверг
18
0
    «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директоры Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы бастаған  ұжым қызметкерлері тікелей эфирден Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.
    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолдауда Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды кеңінен айтты. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажеттігін, осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға ұсынды. «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екендігін, түрлі шаралар арқылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керектігін тапсырды. Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдету керектігі айтылды.  Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөнінде ұсынысын білдірді.Сондай-ақ, жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп мәселелерін айтып өтті. 
    «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұжымы Жолдауда жүктелген міндеттерді талқылап, Президент бастамаларын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
Талқылаңыз
Ұқсас материалдар
Түсініктемелер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Марапаттар және серіктестер