Байланыс телефондары:
+7(747) 602-00-82

Музей қоры

771
0
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қоры 
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы 1990 жылы 29 қарашада құрылып, алғашқы қор толықтыру жұмыстары 1992 жылдан бастап жүргізіліп келеді. 1992 жылы Басқамыр ортағасырлық қалашығының қазба жұмыстары нәтижесінде бірнеше қыш құмыралар, сүйектер, асықтар табылып, музей қорының алғашқы жәдігерлері жинақталды. Кейін реставрациялық, қазба жұмыстары және жыл сайынғы «Өлкетану» экспедициясы нәтижесінде археологиялық, архитектуралық және этнографиялық жәдігерлермен музей қоры толықтырылып келеді. Жалпы музейде қор сақтау жұмыстары ерте басталғанымен, арнайы бөлім 2011 жылы ашылған. Музей қорының жәдігерлері қыш, металл, ағаш, тері, тоқыма бұйымдарынан жасалған. Қазіргі кезде қордағы жәдігерлер саны - 5460, оның ішінде 2207 - негізгі, 3253 - қосалқы қорға жатады. Музей қорларын есепке алу – қор жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Қордағы ағаш, тері, әртүрлі металлдардан жасалынған көне этнографиялық жәдігерлер қайта қалпына келтіріліп тұрады. Жалпы, қорық-музейдің қор қызметкерлерінің негізгі міндеттері - қорды сақтау және есепке алу, сақталуын қамтамасыз ету, музей қорларын үздіксіз толықтыру болып табылады, және ғылыми құжаттау мен зерттеуге тікелей бағытталған.
   Қор бөлімінің қызметкерлері:
1 Шайгозова Баян Шакарманқызы Бас қор сақтаушы
2 Баймағанбетова Бақытгүл Боранбайқызы Қор сақтаушы
3 Исатаев Ерғазы Кеңесұлы Реставратор 
4 Болатова Ақбота Алмасқызы Суретші-дизайнер
Талқылаңыз

Ұқсас материалдар:

Ұқсас материалдар
Түсініктемелер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Марапаттар және серіктестер