Археология
Қыштан жасалған ыдыс-аяқ бұйымдар(құмыралар)
1992 жылы Басқамыр ортағасырлық қалашығы археолог Жұман Смайыловтың жетекшілігімен (А.Боранбаева, А.Тәшімова) қазба жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірнеше қыш құмыралар, сүйектер, асықтар табылып, музей қорының алғашқы жәдігерлері жинақталды. Бұл құмыраларды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ: қолдан жасалған, қызыл-қошқыл түсті, сынығы күйдірілген қара түсте, өрнектері тырнақтың ұшымен жасалынған. Екінші топ: өте жақсы құмнан иленген және өрнектері геометриялық сызықша арқылы үш бұрышты формалармен жасалынған. Үшінші топ: станоктан өткен, өрнектері (штамповка орнамента) бір қалыпты түсірілген. Ол Оңтүстік Қазақстандық ІХ-ХІІ ғ.ғ қыш бұйымдар үлгісінде жасалынған.
Қыш құмыралар(12 дана) топтамасы қазіргі кезде музейдің археологиялық экспозициясы залында тұр.
Ұқсас материалдар:
