Реставрациялық жұмыстар
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының қорда тұрған нашар күйдегі жәдігерлерінің жылына онға жуығы қайта қалпына келтіріліп отырады. Музейдің суретші-реставраторы Ерғазы Исатаев өзі шебер-зергер болғандықтан, әр жәдігер қандай материалдардан (тері, қайыс, ағаш, металл, т.б) болса да сапалы түрде жаңғыртылып келеді.
Жәдігерлерді қалпына келтірумен қатар, ол кісінің қолымен жасалған көптеген этнографиялық құндылықтар музейдің, сапар-орталығының және Жошыхан кешені экспозицияларына қойылды. Атап айтар болсақ, қазақтың ұлттық этнографиялық тұрмыстық бұйымдары: жылқы макеті, батыр сауыты, емшінің асатаяғы, бақсының барабаны, ер белдігі, итарба және т.с.с құнды дүниелерді ерекше атауға болады.

Талқылаңыз
Ұқсас материалдар:
Түсініктемелер (0)