Ауданымыз үшін серпін береді
Қазақстандағы ЮНЕСКО жөніндегі ұлттық комиссияның қарамағындағы материалдық емес, комитеттің жоспары бойынша 2022 жыл еліміз бойынша 5 музейге арнайы жоба әзірленген болатын. Солардың қатарында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы да бар.
Бүгін осы мақсатта түсіндірме жұмыстары «Ұлытау» сапар орталығында өтті. Жиынға «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұжымы, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері және №1 Ұлытау орта мектебінің ұстаздар қауымы қатысты.
Жиынды «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директоры Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы ашып, Бас қор сақтаушы Баян Шакарманқызы тақырыпқа сай сөз алып, нақтырақ баяндау үшін сөз тізгінін Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның өкілі, «Ұлы тағзым» қоғамдық ұйымның атқарушы директоры Қожахметов Бақтияр Сапарбекұлына берді.
- Биылғы жылдан бастап ЮНЕСКО-ның еліміз бойынша 5 музеймен жұмыс жасайтын бағдарламасы құралды. Солардың қатарында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы бар. Осы жобамен жұмыс бастаған музей ұжымына алғысымды білдіремін. Бұл болашақта өңірдің дамуы үшін үлкен септігін тигізбек. Әр өлкенің өзінің ерекшеліктері бар екендігі бәрімізге белгілі. Осыларды зерттейтін, қорғайтын және насихаттайтын осы ЮНЕСКО-ның жобасы. Бүгінгі күннен бастап осы жоба іске қосылып отыр. Жобаның ұтымды жері сіздердің музейлеріңіз осы жоба арқылы белсенді жұмыс атқаратын болса, одан әрі арнайы музейлердің ұйымына қабылданып, өткізілетін әрбір жобаларға қатысуға мүмкіндіктер пайда болады. Осы арқылы сіздер өздеріңіздің жұмыстарыңызды халықаралық деңгейге дейін жасауға мүмкіншіліктеріңіз бар. Яғни, шетелдік ұйымдармен бірлесе жұмыс атқару арқылы жұмыстарыңызды алға қарай баспақ. Ұлытауда өздеріңіз білетіндей қымызға байналысты өткізілген «Терісаққан көктемі», «Ұлытау қымызы», «Көкмайса» секілді жобалар 2018 жылы ЮНЕСКО құрамына енді. Осы жылдың қараша айында ЮНЕСКО-ның бірнеше мүшелері Ұлытауға келіп, біздің атқарып жатқан жұмыстармен танысады деп күтілуде. Ол үшін біз осы бастан келіскен жобамызды іске асыруымыз қажет. Жобаның негізгі мақсаты бүгінгі өткізіліп жатқан кездесу сіздерді осы жобамен таныстыру және біршама мәліметтер беру, - деді Бақтияр Сапарбекұлы.
Жиынға қатысушылар осы жобаға қатысты сұрақтарын қойып, өз ұсыныс пікірлерін білдірді.
Бұдан кейін «Ұлытау» сапар орталығындағы материалдық емес мұра залына қойылған еліміз бен аудан бойынша ЮНЕСКО-ға кірген тізімдерді жиналғандарға Бақтияр Қожахметов кеңінен таныстырды.
Талқылаңыз
Ұқсас материалдар:
Түсініктемелер (0)