Байланыс телефондары:
+7(747) 602-00-82
Ұлытау ұлттық музей-қорығы » Жаңалықтар » Домбауыл және Алаша хан кесенелерінде болды

Домбауыл және Алаша хан кесенелерінде болды

26 август 2022, Пятница
32
0
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Абаев Дәурен Әскербекұлы жұмыс сапары барысында Домбауыл және Алаша хан кесенелерінде болып, олардың бүгінгі жәй-күйімен танысты. Мұнда «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ғылыми қызметкері Алтынай Бірмұқанова  меймандарға кесенелер жайында біршама мағұлматтар беріп, экскурсиялық жұмыс жасады. Бұдан кейін  меймандар Алаша хан кесенесіне арнайы барып, құран бағыштады.
Мәдениет және спорт министрімен бірге Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің  Тарихи-мәдени мұра департаментінің басшысы Жанат Сейдалиева, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директоры Нұрлан Қасымбеков, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали болды.
Ұқсас материалдар
Түсініктемелер (0)
Түсініктеме

0
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Марапаттар және серіктестер