Дәурен Абаев «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды
Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан
Республикасының Мәдениет және спорт министрі Абаев Дәурен Әскербекұлы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінде болды. Осы кешеннің бөлім меңгерушісі Бақытжан Көпбаев меймандарға кешеннің ішін аралатып, бүгінгі күні жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Бұдан кейін меймандар Жошы хан мазарына барып, тәу етіп, құран бағыштады.
Бұл кешенге 2021 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, лентасын қиған болатын. Бүгінгі күні кешенге келуші қонақтарға күнделікті қызмет көрсетілу үстінде.
Мәдениет және спорт министрімен бірге Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра департаментінің басшысы Жанат Сейдалиева, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директоры Нұрлан Қасымбеков, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали болды.
Талқылаңыз
Ұқсас материалдар:

16 февраль 2022, Среда
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы
Түсініктемелер (0)