«Айбас дарасы»
Ұлытау ауылынан батысқа қарай 35 км жерде орналасқан Айбас дарасында белсенді демалысқа арналған шексіз мүмкіндіктер бар: әдемі табиғат, әр түрлі ландшафттар, жұмсақ климат, қайталанбас флора, қайыңды-теректі шоқорман, көне ескерткіштер мен фермалар бар. 5 км радиуста әртүрлі дәуірлердің археологиялық ескерткіштер: қорғандар, тас мүсіндер және қорымдар орналасқан. Айбас шатқалының жоғарғы жағында Алтын Орда әмірі Едіге бидің және Алтын Орда ханы Тоқтамыстың жерленген жері бар. Қаласаңыз, киіз үйде немесе қыстақта түнеуге болады. Сондай-ақ, Кененбай көлінің жағасындағы «Көкмайса» жайлы қонақ үйі бар. Саяхаттауға ыңғайлы кезең - мамырдан қыркүйекке дейін, бірақ жаз уақыты болғанымен жылы киім артық етпейді.
Талқылаңыз
Ұқсас материалдар:
Түсініктемелер (0)