Мәдениет және спорт министрі – Ұлытауда
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Абаев Дәурен Әскербекұлы жұмыс сапарымен Ұлытау ауданына келіп, өңірде туризм саласын дамыту мақсатында салынған «Ұлытау» сапар орталығында болды. Министр жаңа ғимарат ішін аралап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен танысып, ауданда туризм саласын дамыту жөнінде әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ғимаратында да болып, музейдің бас қор сақтаушысы Баян Шайгозова меймандарға экскурсия жасады.
Бұдан кейін Дәурен Әскербекұлы қасиетті «Ембұлақ» суынан дәм татып, «Хан Ордасына» арнайы барып, аудан тарихымен жақынырақ танысты.
Сапар барысында ауданымызға келген меймандар Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейіне де атбасын бұрды. Бұл жерде музей директоры Зейпін Қазанбаева ашық аспан астындағы көрмемен таныстырып, музей ішіне қойылған жәдігерлерге кеңірек тоқталып өтті.
Мәдениет және спорт министрімен бірге Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра департаментінің басшысы Жанат Сейдалиева, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директоры Нұрлан Қасымбеков Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали, аудан әкімінің міндетін атқарушысы Мақсұт Оспанов болды.
Талқылаңыз
Ұқсас материалдар:
Түсініктемелер (0)