«Бұланты»
«Бұланты шайқасы» кешені 1727 жылғы жоңғарлармен шайқастағы алғашқы жеңіске арналған. Кешен Байқоңыр ауылының оңтүстігіне қарай, 18 шақырым жердегі Бұланты өзені бойындағы «Үйтас» шатқалында, «Ұлытау» музей-қорығының аумағында орналасқан. Стела қазақ жүздерінің бірігуін бейнелейді. Жеті метрлік монументтің жоғарғы бөлігіде ұшы жоғары қараған найза бейнеленген. Төменгі бөлігінде периметр бойынша дөңгелек төрт қалқан орналастырылған, төрт бұрышты табаны бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанның әр өңіріндегі батырлар ұрпақтарының қатысуымен, «Ұлытау» музей-қорығы өткізетін шара бұл кешенді Бұланты шайқасындағы қазақ батырларын еске алатын орынға айналдыруы тиіс. Музей-қорық жүргізетін, іздестіру жұмыстары нәтижесінде батырлар тізімі толықтырылып отырмақ, осылайша, XVIII ғасырдағы шайқас батырларының есімдері қайта анықталып, алдағы уақытта жаңа ескерткіштер де бой көтеруі мүмкін.
Стеллаға қарама-қарсы, өзеннің оң жағалауындағы жартастарда қола,ерте темір дәуірлері, ортағасыр кезеңдерінде салынған суреттер бар. Байқоңыр ауылының оңтүстігіне қарай, 2 шақырым жерден басталып, 20 шақырымға созылған өзен жағасындағы жартастарда аңдардың, малдардың, аңшылық ету сәттерінің көріністері, күнбасты адамдар мен арба бейнелері ойып салынған.

Талқылаңыз
Ұқсас материалдар:
Түсініктемелер (0)