«Ақмешіт Әулиетау»
«Ақмешіт Әулиетау»
Әулиетау. Ұлытау тауларының шыңы. Ұлытау селосынан батысқа қарай 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Жергілікті халықтың аңызға сүйеніп айтуынша, Әулиетаудың ұшар шыңы көк зеңгірге бәрінен де жақын, дәл сол жерде Аспан мен Жер қауышады. Сондықтан да, бұл шың ерте бастан киелі орын, құдайлар мен рухтар мекені, қасиетті күштер мен рәсімдердің әрекет етуі еш үзілмейтін және адам мен табиғаттың өзара аса нәзік деңгейлі байланысы орныққан жер ретінде саналған.
Әулие үңгір (қасиетті үңгір). Ұлытау селосының шегіндегі Әулиетау тауының биігінде орналасқан. Ел аузындағы аңыз бойынша дала пайғамбары Заратуштра (зороастризмнің негізін қалаушы) тылсым сырын ашудың алғашқы жетістігіне осы үңгірде қол жеткізген. Тағзым етушілер үңгірде түнеп шығады. Оған бір перзентке зар әйелдер жиі келеді.
Ембұлақ. Бұлақ. Ұлытау селосынан батыс бағытта 1 шақырым жерде орналасқан. Халық сенімі бойынша бұл бұлақтың суының емдік қасиеттері бар.
Асанқайғы. Биіктігі 15 метрді құрайтын ескерткіш. Ұлытау селосында орналасқан. XIV ғасырда ғұмыр кешкен дала философы Асанқайғының құрметіне орнатылған. Ол Евразия даласының көптеген жерлерін аралап, қазақтар үшін Ұлытаудан асқан мекен жоқ деген тұжырымға келген. Аңыз бойынша Ұлытау таулары шыңдарының бірінде жерленген.

Талқылаңыз
Ұқсас материалдар:
Түсініктемелер (0)