МАҚСАТ – ТУРИЗМДІ ТҮЛЕТУ
Аудан әкімдігінде Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы аясында "QazaqGeography" республикалық қоғамдық бірлестігі сарапшылары және тәуелсіз сарапшылардың аудан тұрғындарына баламалы қызмет пен туризмді дамыту бойынша бизнес-жоспарлау тренинг өтті.
Бұл тренингте «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы директорының орынбасары Аман-Серік Есенғалиұлы қатысып, сөз сөйледі. Ол өз кезегінде Ұлытау ауданына туристерді тарту және туризм саласын дамыту фактрлеріне тоқталды. Бүгінгі күні туризм саласына қатысты «Ұлытау» қорық-музейінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сондай-ақ, ауданда қысқы туризм саласын дамыту жөнінде өз ұсыныс-пікірімен бөлісті. Сөз соңында аудан бойынша туризм саласын дамытуға байланысты тренингке қатысушыларды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен қатар, бұл тренингке музей қызметкерлері - Баян Шайгозова, Қымбат Мағзұмова, Бақытгүл Баймағанбетова қатысып, тәжірибе алмасты.
Тренинг барасында "Туризмді дамыту - аудан тұрғындарының табысын көбейту жолы", "Ұлытау ауданының эко және этнотуризмінің қазіргі күй-жайы", "Халықтың табысын арттыру - 2023-2025" бағдарламасы, "Ауыл аманаты" жобасы, "Қонақ үй" кәсібін ұйымдастыру үшін инвестиция көлемін есептеу тақырыптарында бизнес-жоспарлау тренингтері өкізілді.
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)