Национальный музей Улытау » Новости » Ұжым қызметкерлері көмек көрсетеді

Ұжым қызметкерлері көмек көрсетеді

24
0
    Бүгін  «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директоры Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы «Ұлытау» сапар орталығының кіші конференция залында ұжым қызметкерлерімен қостанайлықтарды  қолдау мақсатында жиын өткізді. Жиын барысында Нұрлан Жолаушыұлы Қостанай облысындағы орын алған дала өртіне тоқталып, «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалы жанынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге пункті ашылғандығын хабардар етіп, ұжым қызметкерлерін қолдау көрсетуге шақырды.
    Ұжым қызметкерлері бірауыздан Қостанай облысында орын алған жағдайға байланысты бір күндік еңбек жалақыларын аударуға дайын екендіктерін жеткізді. 
    Жиынға қатысушы ұжым қызметкерлері де орын алған жағдайға байланысты өз ой-пікірлерімен бөлісті. Жездібек Сыздықов:
- Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат баршамызды алаңдатып отырғандағы белгілі. Мұндай жағдай еш жерде болмасын. Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз. Біз қостанайлықтармен біргеміз! Бастысы, еліміз аман болсын!
Бақытгүл Баймағанбетова:
- Қостанай облысындағы қайғылы оқиға кімнің болмасын қабырғасын қайыстырмай қоймады. Еліміз бойынша «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмыстарын жүргізіп жатыр.Мұндай қиын сынақтан жұдырықтай жұмылып, бір ел болып өте аламыз.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры