Жолдауды қолдаймыз!

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы ең басты қағидасы – халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететін экономиканың түрлі салаларын дамыту. Жолдауында экономиканың негізгі бағыттарын дамытуға басымдық бере отырып, соның ішінде ауыл шаруашылығының түрлі салаларына назар аударылды. Сондай-ақ әлеуметтік салаларды дамыту халықты әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер қамтылды. Әсіресе, төмен айлық алатын орта буын мамандардың айлығын көтеру туралы тапсырмалар көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау, мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмек көрсетілетіндігі айтылды.
Бүгінгі Президентіміздің Жолдауы халық арасында кең қолдауға ие болатындығына кәміл сенімдімін. Біздің міндетіміз – қысқа уақытта аталған тапсырмаларды жүзеге асыру.
Жарқын болашағымызды достықта, келісімде және бірлікті құрудың қажеттігін түсінетін уақыт келді. Әлемнің дамыған елдердің қатарына кіруге өз септігімізді тигізуіміз керек.
Нұрлан Қасымбеков,
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директоры.
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)