"Байқоңыр петроглифтері"
Тасқа салынған суреттер. Қола, ерте темір дәуірлері, ортағасыр. Байқоңыр өзенінің оң жақ жағалауында, Байқоңыр селосынан оңтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Өзен жағалай 20 шақырымға созыла жартаста топтасқан аңдардың, малдардың, аңшылық ету сәттер көріністерінің, күнбасты адамдар мен арба бейнелері ойып салынған.