"Едіге"
  
"Едіге"  
Тас құрылыс. Едіге тауының ұшар басында, Ұлытау селосынан батысқа қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Құрылыс Алтын Орда уақытына жатады. Аңыз негізінде бұл жерде Алтын Орда әмірі - Едіге би жерленген. Ендігі бір аңыз бойынша Едіге бейітінің жанында Алтын Орда ханы Тоқтамыс жерленген.