Әулиетау. Ұлытау тауының шыңы. Ұлытау селосының батысында 2 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті ауызекі халық шығармашылығы Әулиетаудың ұшар басы аспанға жақын, Көк Жермен сол жерде түйіседі деп ұғынып, содан тау бағзы заманнан қасиетті орын ретінде саналып, құдайлар және рухтар мекені, қасиеттi күштердiң үнемi ықпалды нүктесі, ырым-жоралғыларын орындау, адам мен табиғаттың тылсым байланысқа түсетін орны болып есептелгенін жеткізеді.