"Қойлыбай бақсы"
  
"Қойлыбай бақсы"  
Жерлеу орны. Қойлыбай өзенінің оң жағалауында, Ұлытау селосынан 190 шақырым батыста, Дулығалы мешітінен 20 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Ел аузындағы аңыз бойынша XIIғ. өмір сүрген, адамдарды емдейтін ерекше қабілеті бар Қойлыбай бақсыға арналған. Белгілі ғалым Шоқан Уалиханов ол кісіні «Бақсылардың бақсысы» деп атаған.