"Ұлытау бағыты"
Жезқазған - Ұлытау 130 шақырым (тас жол).Ұлытау селосында сіздің назарыңызға: «Таңбалы тас» саябағы – Хан алаңы – «Ұлытау» қорық-мұражайы – «Бес арыс» аллеясы – «Ғасыр терек» тарихи орны – Б.Бұлқышев пен М.Иманжанов ескерткіші – Кетбұқа ескерткіші – Қола дәуірі обасы – Асан қайғы ескетркіші – Қола дәуірі қоныс – Тағзым үйі – Ембұлақ – Әулиетау.
Селодағы экскурссия бағыты 8 шақырым. Саяхатты қоса алғанда жолға жұмсалатын уақыт 5 сағат. 3 шақырымы – дала жолы. Қалғаны көтерме жол және асфальт.
- Ұлытауға кіре берісте орналасқан «Таңбалы тас» саябағын аралап, қазақтың ру таңбалары басылған ескерткіш тас, тас мүсіндер және Ұлы Жеңіске 70 жылдығына орнатылған ескерткіш тақтаны көруге болады. Ауыл орталығында орналасқан Хан алаңы саябағындағы қазақ хандарына арналған ескерткішті тамашалап және сол қатарда тұрған «Ұлытау» қорық-мұражайының экпозициясының тарихи жәдігерлермен танысады.
- «Бес арыс» аллеясы орталықта орналасқан. Бұл жерден Алаш жұртының арыстарына арналған ескерткіш мүсіндері көріп тамашалауға болады.
- «Ғасыр терек» тарихи ағашы Иманжан көшесінде өзен бойында орналасқан. Аңыз, деректерге сүйенсек, бір ғасыр жасаған бұл терек ағашына ертеде белгілі тұлғалар атын байлап, өзеннен су ішіп, етегіне отырып тыныстап дем алатын болған.
- Б.Бұлқышев пен М.Иманжанов ескерткіші Абай көшесінің бойында. Ұлытау түлектері Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанов қимас, айрылмас дос болған. Баубек – көсемсөзші, жазушы, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан. Мұқан Иманжанов – жазушы.
- Кетбұқа ескерткіші Абай көшесі бойында орнатылған. Кетбұқа - XII-XIII ғасырларда өмір сүрген тұлға. Ел билеудегі даналығы мен көреген қолбасшылығы сай, болмысына құдіретті сөз бен киелі күй дарыған кемел жырау, ел қорғаны.
- Қола дәуірі обасы – Асатов көшесі шетінде орналасқан тарихи ескерткіш.
- Асан қайғы ескерткіші «Қыз емшек» тауының етегінде Асатов көшесінің шетінде орналасқан. Дала философы, Асан қайғы бабамыз елді, жерді кезіп жүріп, Ұлытауды «Жер ұйығы» деп таныған деседі.
- Қола дәуірі қонысы – Иманжан көшесінде өзен жағалауында. Ерте заманда ел қоныстанған жер болғаны, архиологтардың зерттеуі нәтежесінде табылған тарихи жәдігерлер арқылы белгілі болып отыр.
- Этноауыл – бұл тағзым орны өзен жағалауында, ауыл шетінде орналасқан. Қорық-мұражай этноауылы келешекте туристердің демалатын орны болмақ.
- «Гүлсара» ембұлағы – ауыл шетінде, тау етегінде өсіп тұрған қайынды орманның бастауы. Ертеден емдік қасиеті бар, шипалы бұлақ. Емделушілер бұлақ суын ішек, асқазан, бауыр, бүйрек аурулырына шипа ретінде қолданады.
- Әулиетау - Ұлытау тауларындағы ең биік шын болып саналады. Биіктігі – 1135 м. Көнеден кележатқан қасиетті, Тәңірмен тілдесетін тау. Таудың басында жеті әулие, бақсы, емшілер жерленген. Сонымен қатар, бұл тауда Зердеш баба(Заратуштра) үңгірі бар.