Болған ана

Болған ана

Болған ана. Ескерткіш Жезқазған қаласынан оңтүстікке 50 шақырым жерде, Қызылорда автотрассасында орналасқан. Алтын Орда кезеңіне (ХІІІ-ХІV ғасырлар) жатады. Рашид-ад-дин, академик В.В.Бартольд Болған-Ананың (Болған бегі) Жошы ханның қызы болғандығын жазады. Ә.Х.Марғұлан мазарды қарахан (Х ғ.) сәулет өнер ескерткіштеріне ұқсатты. Болған-Ананы әулие деп есептеп, халық тағзым орнына айналдырған.