Директордың құттықтау сөзі
Құрметті қонақтар, әріптестер, достар және «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының серіктестері!
Біздің сайттан сіз тарихи-мәдени және табиғи мұраға бай Ұлытау туралы бірегей ақпаратты таба аласыз.
«Ұлы даланың» көшпелі өркениетінің эпицентрінің тарихымен танысуға шақырамыз! Сіз Қазақстанның «Қасиетті картасының» нысандарына айналған Алашахан, Жошы хан, Домбауыл кесенелері, «Бұланты шайқасының орны» тарихи ескерткіші, Әулиетау шыңы, Теректі петроглифтері, Едіге тауы, Алтыншоқы шыңы сияқты тарихи ескерткіштермен танысатын боласыз. Арнайы сіздер үшін бірнеше бағытта туристік маршруттар жасалды. Сізді Ұлытаудың табиғи ландшафтының көрінісі, аймақтың ерекше флорасы мен фаунасы таңқалдырады.
Бұл сайтта қорық-мұражайдың қызметі бірнеше: мұраны қорғау, сақтау, танымал ету және туризмді дамыту бағыттары бойынша ұсынылған.
Қорық-мұражайы Ұлытау аймағында «Ұлытау мұрасы» халықаралық экспедициясы, «Терісаққан көктемі» халықаралық этнографиялық фестивалі жобаларының авторы және оларды сәтті жүзеге асырып келеді. Аталған этнофестиваль ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізіліп, Ұлытау аймағында «Жылқышылардың дәстүрлі көктем мерекелері» тақырыбымен этнографиялық зерттеуін бастады. Әлемдік туристік көрмелерге қатысу дәстүрге айналды. "Ұлытау" экспозициясы Лондон, Барселон, Токио қалаларында көрсетілді. "Ұлытау" қорық-мұражайы «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысындағы аймақтық өкілі.
Қорық-мұражайдың Сапар орталығы құрылысы Ұлытауды халықаралық және аймақтық туристік орталығына айналдыру жолындағы кезекті кезең болды. Ақпараттық бөлмесі, балалар ойнайтын залы, конференц-залы, кіші қонақүйі мен асханасы бар бұл шағын кешен қонақжайлылық инфрақұрылымын құрудың алғашқы қадамы болып табылады.Қазіргі уақытта гид-мамандарын, қонақүй қызметтерін оқыту және біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасалуда. Мемлекет басшысы «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінде аймақтың «этнографиялық, қажылық және экологиялық туризмін дамытудың үлкен әлеуетін» атап өтті.
Біз сіздерге Ұлытау әлемін ашуға дайынбыз, бір рет көрген жақсы болар...
Құрметпен,
Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры туралы ақпарат
Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы 11 маусым 1969 жылы Ұлытау ауданында дүниеге келген.
2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін педагог-психолог мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Ұлытау аудандық Киножүйе мекемесінің киномеханигі болып бастаған.
1987-1989 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында қызмет, 1989 жылы Ұлытау аудандық Киножүйе мекемесінің инженері, 1999 жылы осы мекеменің аға киномеханигі.
2002 жылы Ұлытау аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы.
2005 жылы Целеноград ауданы №21 Орта мектебінің аға тәлімгер-психологі.
2008-2011 жылдары «Қазақ ақпарат» ҰК АҚ-да кіші редактор, редактор және аға редактор қызметінде болды.
2011 жылдың шілдесінен бастап 2021 жылдың шілдесіне дейін Целиноград ауданы Оразақ селолық округінің әкімі қызметін атқарған. 2021 жылдың 26 шілдесінен бастап "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі директорының міндетін атқарушы.