Жезқазған - Қорғасын
Бағдардың (Жезқазған - Қорғасын) ұзақтығы 250 км. Қорғасынға барар жолда ортағасырлық Хан ордасы қалашағын, Тамды жартастағы суреттерін, қола дәуірінің қоныстарын, түркі заманының қорғандарын, әдемі өзен шатқалын көресіз. Тамды өзенінде жүзіп, балық аулап, «Байтілеу» фермерлік шаруашылығымен танысасыз.
Экскурсиялық тур аясында Қорғасын ауылындағы шахтаны, «ағылшын кезеңіндегі» үйлерді, ХХ ғасырдың ортасындағы фабриканы, сәулет және археология ескерткіштерін көресіз. Ақжар төңірегіндегі «түрлі-түсті таулар» деп аталатын, табиғи жыныстан пайда болған тау түзінділері өз әсемдігімен таңғалдырады. Жердің геологиялық тарихы жайлы білетін боласыз.
Талқылаңыз
Ұқсас материалдар:
Түсініктемелер (0)