Қыз үзеңгісі

130
0
    Үзеңгі — ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Ердің екі қапталына қайыс бау арқылы тағылады. Екі қабырғасының жоғарғы жағында таралғы өткізетін тесік болады, ал аяқ киімнің табаны тұратын жері тұтас сопақша болып келеді. Қыздар мен әйелдің үзеңгісі жеңіл әрі оюлы әшекейленген, ер адамдар үзеңгісі берік қалың темірден жасалады. Халық арасында үзеңгінің бірнеше түрлері: жалпақ табан, торлама, қыз үзеңгісі, қалмақ үзеңгі болған. 
    Біз ұсынып отырған үзеңгі «Қыз үзеңгі» түріне жатады. Ұлытау ауданының тұрғыны Күлән Әбілғазинаның анасына нағашы атасы, ұзатыларда ер-тұрманымен арнайы  үзеңгіні соқтырған. Бастапқыда үзеңгінің сырты күміспен қапталған екен. Бұл үзеңгі бүгінгі күні «Ұлытау» ұлттық тарихи- мәдени және табиғи музей-қорығында сақтаулы тұр.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры