Жоба жайлы

 

Жоба жайлы:

«Ұлытау Сапар орталығы» республикалық жобасы - бұл ақпараттық, экспозициялық блоктар, мәжіліс залы және музей қызметкерлеріне арналған бөлмелерден тұратын кешен. Жобаның әлеуметтік тиімділігін арттыру үшін қонақүй типтегі жайлы жатақхана мен «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының қызметкерлері жәнеіссапардағы қызметкерлері үшін асхана қарастырылған.

Жобаның мақсаты - Ұлытау аймағында туристік индустрияны қалыптастыру, туристік қызметті - Ұлытаудың тарихи-мәдени және табиғи мұрасын Қазақстанда және шет елдерде дамыту.

Міндеттері:

-        Ұлытаудың қасиетті, табиғи, мәдени ландшафтын қолдана отырып мәдени және туристік кластерді дамыту;

-        «Қазақстанның Қасиетті географиясы» ұлттық стратегиялық жобасы аясында тарихи және мәдени мұраларға қол жетімділікті сақтау және кеңейту;

-        Ұлытаудың мәдени мұрасын «Табиғат пен көшпелі мәдениеттің бірлігі» кластерін дамыту контексінде қорғау;

-        Ұлытаудың мәдени және туристік кластерін одан әрі дамыту үшін алғашқы әлеуметтік-мәдени институттын құру;

-        Туристерге ақпараттық қызмет көрсету, жеке және топтық турлар, экспедициялар, экскурсиялар, мәдени және ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыру.

Бюджеттік бағдарламаның ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.

МИЖ-дің іске асыру мерзімі: 2018-2020 жж. І жартысы

МИЖ-дің болжалды аяқталуы: жылы: 2020 ай: шілде

МИЖ-ді пайдалану (қызмет) мерзімі: 2019 - 2089 жж.

Жоба жетекшісі: Бакытова Л.Б.

 09.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16,