Музейдің алғашқы басшылары
18 қараша күні «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының сапар орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 1990-2000 жылдары өмірден өткен музейдің алғашқы басшылары, ардақты ардагерлеріміз Сабыржан Досанұлы, Байбатыр Әмірбекұлы және Майтон Алпысбайұлына арналған еске алу кеші болып өтті. Мақсаты - ардагерлеріміздің елеулі еңбегін құрметпен үлгі тұтып, жадымызда сақтау. Кешімізге ол кісілердің замандастары, отбасылары, жақындары және бірге қызмет атқарған әріптестері қатысты. Іс-шараны музей директорының міндетін атқарушы Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы алғашқы сөзімен бастап, замандастары, әріптестері және жақындары сөз сөйлеп, ардагерлерімізді еске алды. Сонымен қатар, қонақтарға «Музейдің алғашқы басшылары» атты көрме ұйымдастырылып, аталарымыздың суреттері, жетістіктері, марапаттары және қолданған заттары көрсетілді. Іс-шараның екінші бөлігі сапар орталығына экскурсия жалғасып, соңында ардагерлерімізге арнайы дастархан жайылып, құран оқытылды.
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)