Жаңалықтар
QazaqGeography Ұлытаудағы туризмнің дамуына ықпал етеді 
 
9 желтоқсан 2017 жыл
ҚР Ұлттық мұражайында QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс модераторы – Қамқоршылық кеңес төрағасы  Карим Кажимканович Масимов болды.
Күн тәртібінде Бірлестік қызметінің 2017 жылы орындалған жұмыстардың қорытындысы және 2016ж. 24 тамызында Ұлытау ауылында    өткен Бірлестіктің Басқару кеңесінің отырысында қабылданған  сұрақтардың орындалуы туралы сөз қозғалды.
Сондай-ақ отырыста ҚР Премьер-Министрінің бірінші орыбасары  – Асқар Мамин, ҚР Президентінің көмекшісі – Әлихан Смайлов, Премьер-Министрдің Кеңсесінің басшысының орынбасары – Ержан Бабакумаров,   QazaqGeography өкілдері, соның ішінде  «Ұлытау» қорық – мұражай директоры –  Бахтияр Қожахметов (Бірлестіктің Басқару кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысындағы QazaqGeography аймақтық өкілеттілігінің жетекшісі). Б.Қожахметов «Ұлытау» қорық-мұражай Визит-Орталығы құрылысына дайындалу жұмыстары туралы баяндама жасап, Ұлытау ауылы жергілікті тұрғындарыныңатынан  алғыс  білдірді.
QazaqGeography іс-шарасына  алғаш рет Орыс географиялық қоғамының (ОГҚ) вице-президенті –  Чистяков Кирилл, ОГҚ Халықаралық қызметтер бойынша Президенттің Кеңесшісі – Катиков Сергей қатысты.
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,
Баспасөз хатшысы: 8 701 125 49 11