2018 жылдың 25 қараша - 1 желтоқсанда Маврикийде ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 13-ші сессиясында қазақстандық делегация құрамында біз қазақтың халықтық жылқы өсіру рәсімдерінің әмбебап мәні мен бірегейлігін ұсынып қорғадық. Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет мақұлдағаннан кейін, қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары адамзаттың ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасына енгізілді.
Ұзақ жылдар бойы Ұлытау ауданында «Терісаққан көктемі» фестивалі өтіп келеді. Ол ежелгі қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптарына негізделді, яғни ұзақ қыстан кейін көшпелі халық алғашқы құлынды байлап, айғырды табынға салып, алғашқы қымызды сынап көреді. Бұл мереке – ежелгі дәуірден бастап бүкіл халықтық мереке ретінде аталынатын болған. Екі жыл бойына фестивальге қатысып, қазақтың жылқы өсіру дәстүрлерін зерттеген ЮНЕСКО сарапшылары үлкен қызығушылықпен қабылдады. Осы уақыт аралығында «Терісаққан көктемі» этникалық фестивалінің негізінде Мәдениет және спорт министрлігі жылқышылардың ұлттық салт-дәстүрлері туралы үш тілде фотоальбом шығарды және «Қазақфильм» киностудиясы 20 минуттық деректі фильм түсірді.
Кездесудің басында қатысушылар мәдени мұраны қорғау саласындағы қазақстандық сарапшы Елена Хорошты бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Ол жылқышылардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары номинациясының авторы және бұған дейін Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы петроглифтерінің Дүниежүзілік мұра тізіміне қосуға өтінімдерді дайындауға қатысқан болатын.