"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы
- Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ҚазКСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1990 жылы 29 қарашада құрылған.
- Қорық-мұражай аумағында жалпы көлемі 147246 мың гектар болатын 25 кешен бар. Ғимарат көлемі – 566 шаршы метр, экспозициялық залдар – 280 шаршы метр жерді алып жатыр. Екі экспозициялық залдан бөлек, уақытша көрмелер өткізуге арналған орындар - (104 шаршы метр), қор сақтау бөлмесі, кітапханалар, интернет-дәмхана және туристік-ақпараттық дүңгіршек бар. Мұражай қорында мыңжылдықтар бойы Еуразия даласында өмір сүрген және қазір де өмір сүріп жатқан мәдени қауымдастықтардың дамуынан сыр шертетін сирек кездесетін заттар (жалпы саны 4902) бар.
- «Ұлытау» қорық-мұражайының миссиясы: әлемдік қауымдастыққа Ұлытаудағы мәдениеттің еуразиялық тарихи феноменін тарату.
- «Ұлытау» қорық-мұражайының қызметі: тарихи және мәдени ескерткіштердің қозғалатын және қозғалмайтын экспозицияларын сақтау, ескерткіштер мен мұражай заттарын сынудан, бүлінуден, ұрлықтан қорғауды қамтамасыз етуге жағдай жасау, сақтаудың ұтымды жүйесін құру; табиғи-археологиялық, тарихи-мәдени кешенді сақтау және қорғау, ғылыми-зерттеу мен мәдени-ағарту.
- Ұлытау ауданының аумағында ресми тіркеуден өткен әр кезеңге жататын 337 ескерткіш бар. Оның 282-сі «Ұлытау» қорық-мұражайы қорының тарихи-мәдени картасына енгізілген.
- Қорық-мұражай аумағында Алашахан, Жошыхан, Теректі Әулие, Байқоңыр петроглифтері, Хан ордасы, Басқамыр секілді танымал ескерткіштер мен түрлі тарихи дәуірлердің басқа да көптеген нысандары бар.
- Жергілікті тұрғындар арасында жылқыға қатысты көне дәстүрлер сақталған, қолөнер және фольклор кең таралған.
- «Ұлытау» қорық-мұражайы ерекше флора және фаунасымен де танымал. Ұлытау аумағында өсімдіктің 617 түрі анықталған. Оның 90-ы емдік қасиеті бар өсімдер.
- Ұлытауда халық аз және жер көп пайдаланылмайды. Осының арқасында табиғи және мәдени мұра жақсы сақталған.
- Ұлы дала тарихының тас дәуірінен орта ғасырға дейінгі және бүгінгі күннің куәгері, Ұлытаудың тарихи-мәдени ландшафтарының Еуразияның басқа далалық белдеулерінде баламасы жоқ.