Мәдениет және спорт министрлігінің жаңалықтары
 Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті
img 0000099 

Бүгін Алматыда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, "Барыс"орденінің иегері, академик Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті.

Концертте мерейтой иесімен бірге халықаралық конкурстардың лауреаты Елена Заремба (Люксембург), Өзбекстанның халық әртісі, Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер конкурсының гран-при иегері Рамиз Усманов (Өзбекстан), сондай- ақ Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттары мен шәкірттері Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен (дирижері Ерболат Ахмедьяров) әуелете ән салып, өнерсүйер көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына арналған шығармашылық кешке Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да қатысып, жүрекжарды құттықтауын жеткізді.

Құрметті Бибігүл Ахметқызы!

Сізді бүгінгі мерейтойлық салтанатыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз ХХ ғасырдағы ең атақты жиырма әйелдің бірі ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген, жиырмадан астам марапатқа ие мақтанышымызсыз.
Ел алдындағы бедел-абыройыңыз жыл сайын, сәт сайын биіктеп бара жатқанын жуырда ғана еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен берілген І дәрежелі "Барыс" ордені де нақтылай түскендей.
Осыдан тура 19 күн бұрын еліміздің ордасы, Нұр-Сұлтан қаласында тамаша кеш бердіңіз. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Астана Опера» театрында өткен мерекелік шарада қазақстандық танымал опера әншілері, ізбасарларыңыз, Бибігүл Төлегенова байқауының лауреаттары ән шырқап, мерейіңізді тасытты. Міне, бүгінгі мерейтойлық концертіңіз де сондай жоғары дәрежеде өтеріне сенімдімін.
Әрдайым осылай абырой биігінде болыңыз, Апай. Сіз асқар шыңға шығудың, шыққан соң сол биікте мәңгілікке қалудың озық үлгісін көрсеткен біртуар талант иесісіз!
Сіз тағдыр талайыңызда сан түрлі қиындықты көрген, қандай сәтсіздікті болсын парасаттылықпен, ақылмен еңсере білген кемеңгер аңыз Адамсыз. Енді сол бейнетіңіздің зейнетін көріп, ортамызда жөн сілтер, бағдар берер ақылманымыз болып аман жүріңіз,-деді ол. 

 09.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16,