Мәдениет және спорт министрлігі және министрлікке бағынысты ұйымдардың қызметкерлері Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетуде.
«Арыстағы төтенше жағдайға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және бізге қарасты мекемелер ұжымдары жергілікті халыққа көмек көрсету қорының есебіне бір күндік жалақымызды аудару туралы шешім қабылдадық» деп атап өтті министр Ақтоты Райымқұлова.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуге шақырады.
Жанашыр адамдарды көмек көрсетуге шақырамыз.
Реквизиттер: БИН 1805 4001 5308
ИИК KZ7594 7039 8991 3701 12 БИК ALFAKZKA в АО ДБ "Альфа-Банк"