Мәдениет және спорт министрлігінің жаңалықтары
 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ежелгі Тараз» археологиялық паркіне барды
img 082 

Мемлекет басшысына І – ХІХ ғасырлар аралығын қамтитын республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш туралы баяндалып, өңірдегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған алтын, күміс тиындар, керамикалық қолөнер бұйымдары және басқа да құнды жәдігерлер таныстырылды.

Сонымен қатар, «Шахристан – көне Тараз» кешенінің макеті көрсетіліп, алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді.

– Көне Тараздың тарихы әлі де зерттеле береді. Бұл жұмыстарға тұрақты қолдау көрсетіледі. Бұл салада халықаралық деңгейдегі мамандар көп. Бізге университеттерде туризм бизнесі бойынша мамандар әзірлеуді қолға алу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мұнда Тараздың орталық бөлігіндегі ортағасырлық көшелер, бес-алты метр тереңдікте жатқан мәдени қатпарлар табылды, қала салу құрылымы оқшауланып, қаланың тарихи кезеңдері анықталған болатын. Ауқымды археологиялық топтама жинақталды: «Зергер қазынасы», ортағасырлық тиындар коллекциясы, асхана және асүй ыдыс-аяқтары, металдан жасалған заттар, зергерлік әшекейлер, т.б.

Таразда табылған көне жәдігерлер оның Ұлы Жібек жолы жүйесіндегі негізгі сауда орталығы және астана ретіндегі орнын айқындайды. Орта ғасырдың ерте кезеңінен бастап Таразда мықты қабырғалар мен қорғаныс бекіністері, билеуші сарайы, цитадель, шахристан, рабаттар, қолөнершілер мен ауқатты қала тұрғындары көшелері болған. Қала көшелері тас, өзі бақтарға толы болған. Қаланың жанында ағып жатқан кең арналы Талас өзенінің суы арнайы қазылған арықтар арқылы таза сумен қамтамасыз еткен, қазіргі қалада олардың орны әлі сақталған. Табылған нысандар: хамам моншасы, екі керуен-сарай, тұрғын үй, қоғамдық және сауда құрылыстары, магистралды көшелер, керамикадан жасалған су құбыры және арық жүйесі бөліктері.

Қазіргі таңда «Ежелгі Тараз» археологиялық паркін құрып,оның тарихи-мәдени потенциалын пайдалану бағытында жұмыс жүргізілуде, бұл ғылыми-зерттеу, мәдени-білімдік және туристік инфрақұрылым құруға зор мүмкіндік береді.

 09.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16,