Семей қаласына арнайы іс-сапармен келген АҚШ-тың Бас консулы Э.Майер Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде болып ұлы ақын рухына тағзым етті.
Мәртебелі қонақ бас музей экспозициясымен танысып, Абай әлеміне саяхат жасады. Экскурсия барысында Абайдың өлкетану музейіне тапсырған заттарына және Шыңғыстау өңірінің табиғаты мен тарихи жерлері бейнеленген белгілі қылқалам шеберлерінің туындыларына ерекше қызығушылық танытты. Э.Майер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндері туралы пікірін білдіріп, қарасөздерінің орны ерекше екеніне тоқталды.
Сонымен қатар, АҚШ-тың Бас консулы ұлы ақынның шығармаларын жаттап жүргенін тілге тиек етіп, алдағы уақытта киелі Жидебай жеріне барып қайтуды армандайтынын айтты.