Тарихы терең Ұлытау - онлайн сабақ
24 желтоқсан күні "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында Экскурсия бөлімінің басшысы А.Сабыржан «Ұлытау аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы Жезді кентінің №6 тірек мектебінің 5-сынып оқушыларына қашықтықтан сабақ өткізді. Мақсаты: Ұлытау өңірінде тұрақтардан табылған тас дәуірі кезінде алғашқы адамдардың құралдарымен және тарихымен таныстыру.
Сабақ барысында археологиялық oлжалардың фотосуреттерін көрсетіп, алғашқы адамдардың бұл құpалдарды нe үшін қолданғанын тарихи деректермен таныстыра отырып, дәлел pетінде музей жәдігерлері арқылы түсіндірді. Оқушылардың қойған сұрақтарына қызықты мысалдар келтіре отырып, жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, музей экспозициясына экскурсия жүргізіп, оқушылардың тарихқа қызығушылығын, белсенділігін арттырды.
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)