Телефоны для связи:
Национальный заповедник-музей Улытау » Новости » Ерлігі еленген Ұлытаулық

Ерлігі еленген Ұлытаулық

13 декабрь 2021, Понедельник
193
0
    13 желтоқсан күні "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына байланысты "Ерлігі еленген Ұлытаулық" атты ісшара өтті.  Ісшараға Тәуелсіздік  үшін күресіп, желтоқсан оқиғасында жанқиярлық ерлік көрсеткен ауыл тұрғыны Дүйсенбек Байболұлы және оның құрдастары, сонымен қатар, мектеп оқушылары қатысты. Желтоқсан оқиғасының куәгері Дүйсенбек Байболов ісшара барысында жастарға көтерілісте басынан өткен қиын кезеңдерді, еркіндік үшін шайқасып, құрбан болғандар туралы әңгімелеп берді. Сондай ақ, оларды патриоттыққа, отанды сүюге және ерлікке баулуға, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге шақырды.
    Кездесу барысында желтоқсан оқиғасы мен Дүйсенбек ағамыздың өмір баянына арналған бейне материалдар көрсетілді. Оқушылар тарапынан кейіпкерімізге желтоқсан оқиғасына байланысты сұрақтар қойылып сыр-сұхбат болды.
Ісшара соңында мұражай директорының міндетін атқарушы Нұрлан Жолаушыұлы Дүйсенбек ағамызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алғыс хат тапсырып, иығына шапан кигізді. Кейін келген қонақтарға Экскурсия бөлімінің басшысы Азат Сабыржан сапар орталығының экспозициясына экскурсия жасап берді.
Обсудить

Похожие материалы:

Ұлытаулықтар
30 ноябрь 2021, Вторник
Ұлытаулықтар
Музей үздіктері марапатталды
30 ноябрь 2021, Вторник
Музей үздіктері марапатталды
Еңбегі елеулі зейнеткер
30 ноябрь 2021, Вторник
Еңбегі елеулі зейнеткер
Келісті кездесу
30 ноябрь 2021, Вторник
Келісті кездесу
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Награды и партнеры