ҚР Ұлттық музейі «Алтын статуетканы» жеңіп алды!

7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Qazaqstan Project Management Awards-2021» II Ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі нәтижесінде ҚР Ұлттық музейі «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасын ұсынып, «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленіп, алтын статуетканы жеңіп алды. Аталған жоба 2017 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының атқарған жұмыстары негізінде дайындалған. Ғылыми орталық қазақстанның киелі жерлерін анықтап, көптеген жұмыстар атқарып, тарихымызды «Қазақстанның қасиетті жерлерінің энциклопедиясы» атты бес томдық еңбекке тоғыстырып, бүгінгі күні төрт томы жарыққа шықты.
Әріптестеріміздің қуанышты сәттерімен бөлісіп, марапаттарымен құттықтап, шығармашылық еңбектеріне жеміс тілейміз!
Похожие материалы:
Комментарии (0)