2019 жылдың 14 ақпанында "Татуластыру: сотқа дейін" жобасын іске асыру аясында, "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы ғимаратында «Билер кеңесінің» алғашқы жиналысы өткізілді. Жиынның салтанатты ашылу рәсіміне Ұлытау аудандық соттың төрағасы Г.З. Базылова, аудан әкімшілігінің орынбасары Б.Байжантаев, ауданның ардагерлері С.Бектемисов, Қ.Бекілдеков, Ш.Смайлов, Ә.Жандарбеков, Е. Абжамалов кеңес мүшелері және мекемелер өкілдері Б.Қожахметов, А.Дүйсенбаев, Қ.Жұмабаев қатысты. Жиналысқа қатысушылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында билер кеңестерін ұлттық қазына деп атағанын алға тартып, қазақ халықының тарихында кең тараған билер кеңесінің бүгінгі күнгі тұрмыста қажеттілігі маңызды екенін атап өтті.