«Ұлытау» қорық-мұражайының директорының Астаналық бірқатар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
23 қаңтар 2019 жыл
Осы аптада «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді. Қазақ Радиосындағы «Көне көмбе», «Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайыры таң», Астана радиосындағы «Әлеумет тынысы» және Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламаларына берілген сұхбаттар негізінен «Қазақ жылқышаларының көктемгі жоралғыларының» ЮНЕСКО тарапынан адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы деп танылғанына арналды. Естеріңізде болса, былтыр «Ұлытау» қорық-мұражайының бастамасымен қазақтың «бие байлау», «айғыр қосу» және «қымызмұрындық» атты салт-дәстүрлері «Қазақ жылқышыларының көктемгі жоралғылары» деген атпен ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған болатын. Сұхбаттарды төмендегі сілтемелерге өткіп көре аласыздар.
"Ұлытау" қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожаxметовтің "Еуразия" бірінші арнасының "Қайырлы таң" таңғы ақпараттық ойын-сауық бағдарламасына берген сұхбаты: