Жаңалықтар
 «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы Астанада былтырғы жылдың қорытындысына арналған баспасөз-мәслихатын өткізді
BaspasozMaslihat01
 
16 қаңтар 2019 года
2019 жылғы қаңтардың 14 күні «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы 2018 жылы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі мен Елбасы Жолдауын насихаттау бойынша баспасөз мәслиxатын өткізеді. 1990 жылы құрылған «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының негізгі міндеті тарихи ландшафты қорғау, зерттеу, есепке алу және насихаттау. Баспасөз-мәслихатында былтыр осы бағыттары бойынша былтыр жыл бойы атқарылған жұмыстардың жылдық есебі айтылады.
Қорық-мұражай 2018 жылы 6 көрме ұйымдастырды. Оларды 5200 адам келіп көрді. Жыл бойы қорға 63 жәдігер жиналды. Сонымен қатар, 38 экскурсия өткізілді. Оларға 679 адам қатысты. Қорық-мұражайдың атқарып отырған жұмыстары туралы әртүрлі басылымдарда 50 мақала жарық көрді. Бұнымен қоса, халықарлық ынтымақтастық бойынша да жұмыстар жүргізілді. Мәселен, жыл бойы 9 халықаралық деңгедегі іс-шараларға қатысты. Сонымен қатар, қорық-мұражайдың бастамасымен былтыр қазақтың «бие байлау», «айғыр қосу» және «қымызмұрындық» салт-дәстүрлері «Қазақ жылқышыларының көктемгі жоралғылары» деген атпен адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған болатын. Сондықтан, баспасөз-мәслихатында қорық-мұражай басшылығы осы сияқты қосымша жұмыстар мен жоғарыда аталған негізгі бағыттар бойынша 2019 жылғы жоспарларымен бөлісті.
         Баспасөз мәслихатының видео-нұсқасына сілтеме: https://www.facebook.com/398062810292709/videos/368653360382886/
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,
Баспасөз хатшысы: 8 701 125 49 11