Жаңалықтар
 Есіктегі әріптестермен тәжірибе алмасу
7 қаңтар 2019 жыл
2019 жылдың 5 қаңтары күні «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов «Есік» қорық-мұражайына барып қайтты. Мақсат әріптестермен тәжірибе алмасу болатын. Себебі «Есік» қорық-мұражайы көш басында тұрғандардың бірі. Бұл Бақтияр Қожахметовтің  аталған қорық-мұражай ашылғаннан бергі  төртінші сапары.  Бірінші кезекте ұлытаулықтарды Есіктегі әріптестердің ескерткіштерді қорғау және жер телімін кеңейту сонымен қатар, археологтардың халықаралық ынтымақтастығы қызықтырды.  «Белгілер: петроглифтерден оюларға дейін» атты жаңа экспозициялық залы ерекеше әсер қалдырғанын атап өту керек. Себебі  экспозициялық залдың сапасы жоғары деңгейде.
Өз кезегінде Бақтияр Қожахметов  «Ұлытау» қорық-мұражайының халықаралық ынтымақтастық саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, «Қазақ жылқышыларының көктемгі жоралғылары» номинациясын  ЮНЕСКО-ның тізіміне дайындау тарихы туралы айтып берді. 
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,
Баспасөз хатшысы: 8 701 125 49 11