2018 жылдың 28 желтоқсаны күні «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы қызметкерлері «Жаңа Жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар» атты балаларға арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырды. Балалар әр түрлі киімдер киіп, шыршаны қызықтап, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Ал, Аяз ата мен Ақшақар аудандық кәсіподақ ұйымынан және мұражай әкімшілігінің сыйлықтарын табыс етті. Қорық-мұражай қызметкерлері де балалардан қалыс қалмады. Яғни жаңа жылдық киімдер киіп, 3 топқа бөлініп өз көріністерін көрсетті. Кеш соңында барлық қатысушы бір отбасындай болып естелік суреттерге түсті.