Жаңалықтар
 «Ұлытау» қорық-мұражайына ЮНЕСКО сертификаты табысталды
28 желтоқсан 2018 жыл
«Ұлытау»  ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайына қазақтың «бие байлау», «айғыр қосу» және «қымыз мұрындық» жоралғыларын адамзаттың материалдық емес мәдени мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілгендігін қуаттайтын ресми құжат берілді. Естеріңізге салайық, жоғарыда аталған жоралғылар  2018 жылғы 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Маврикий астанасы Порт-Луи қаласында өткен Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитеттің 13-ші сессиясында “Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары” деген атпен  ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған болатын.
 Атап өту керек, Қазақстан ЮНЕСКО-ның осындай сессиясына тұңғыш рет толыққанды мүше ретінде қатысып қайтты. Отандық делегацияның құрамында «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов те болды. Оның айтуынша, «бие байлау», «айғыр қосу», және «қымыз мұрындық» жоралғылары толыққанды тұтас Қазақстанда тек Терісаққан ауылында сақталған. «Ұлытау» қорық-мұражайы бұл жоралғыларды көздің қарашығындай сақтау ісіне 2010 жылдан кірісті. Содан бері  аталған жоралғылар «Терісаққан көктемі» фестиваліне ұласты. 2015 жылы ұлттық материалдық емес ес­керткіштері тізіміне енгізілді. Былтыр бұл фестиваль «Көкмайса» деген атпен өткізілді.
«Ұлытау» қорық-мұражайы бұл жоралғыларды жақын болашақта көшпенді мәдениетке қатысы бар бауырлас елдерге кеңінен таратуды жоспарлап отыр. 
 10.00 - 18.00
13.00 - 14.00
Дүйсенбі - Жұма
Қазақстан, Қарағанды обл., 101500
Ұлытау ауд., Бұлқышев көшесі, 14
, 2-16-16
Факс: +7(71035) 2 13 42,
Баспасөз хатшысы: 8 701 125 49 11